{metadescription}
Келесі жылы ұлттық біріңғай тестілеу төрт рет өтпек
Келесі жылы ұлттық біріңғай тестілеу төрт рет өтпек

Келесі жылы ұлттық біріңғай тестілеу төрт рет өтпек

Білім министрлігі түлектер  міндетті түрде  университетке түсу үшін осындай жеңілдік жасамақ. Бірақ бұл тек ақылы бөлімде оқитындарға қатысты.

Асхат Аймағамбетов, Білім және ғылым вице-министрі:

- 2019 жылдан бастап ақылы негізде түсу үшін мектеп бітірушілерде төрт рет ҰБТ тапсыру мүмкіндігі пайда болады. Яғни, қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айында. Төрт рет тапсыра алады. Бұл тек ақылы. Ал грантқа конкурсқа түсем десе,  тек қана маусым айында дәстүрлі ҰБТ-ның сертификатымен ғана грантқа түсе алады.

Қаңтарда, яғни, мектепті бітірмей тұрып тапсырған тестің сертификатымен жоғары оқу орындарына құжат тапсыруға болады.  Сондай-ақ, түлек  маусымда өтетін емтиханға да қатысып,  мемлекеттік  грантқа таласа  алады. Ал ҰБТ-ға өтініш биыл желтоқсанның 1-і мен 15 аралығында  қабылданады. Алғашқы тест келесі жылы қаңтардың 15 мен 20-ы  өтеді.   Түлекті төрт тесте де ата-анасы алып жүру керек. Бұл жолы ұстаздар оған араласпайды.  Және әр сынақ ақылы, үміткер 2 мыңнан астам теңге төлейді.  Емтиханды үш тілде тапсыруға болады. Жалпы, ҰБТ-ның форматы, сұрақтардың саны өзгермейді. Сол күйде қалады деді Білім министрлігіндегілер. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.