Назарбаев құр диплом таратумен айналысатын оқу орындарын тағы сынға алды
Білім емес, құр диплом берумен шектелетін жоғарғы оқу орындарын жабу керек! Бүгін Ақордада Білім министрін қабылдаған Нұрсұлтан Назарбаев колледж, университеттердің жұмысын, түлектердің жұмысқа орналасуына қарай бағалауды тапсырды.
Автор: Досжан Маратұлы
21.11.2018
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Мы вузам предоставили акдемическую свободу и самостоятельность. Следовательно, возросла и ответственность. Тепер слудует с них спрашивать. Я уже сказал, если не могут найти работу выпускники это что за вуз?! Если они не могут найти работу, то это означает, что вуз не выполняет свою роль.
Ал, деңгейі төмен мұндай білім ошақтары жұмысын тоқтатуы тиіс. Сондай-ақ, президент мектептердегі былықты да дереу ретке келтіруді тапсырды. Яғни, министр Ерлан Сағадиев ең алдымен үш ауысымдық оқудан құтылуы тиіс. Қазір көптеген білім ордаларында ұл-қыздар таңнан қара кешке дейін оқуға мәжбүр. Ал, ұстаздар болса, қағазға көміліп отыр. Сондықтан Елбасы, педагогтардың мәртебесін заңмен бекітуді шапшаңдатуды қатаң тапсырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!