{metadescription}
«Күлтегін» мультфильмі үлкен экранға шықты
«Күлтегін» мультфильмі үлкен экранға шықты

«Күлтегін» мультфильмі үлкен экранға шықты

Еліміздің барлық кинотеатрларында бүгіннен бастап «Күлтегін» мультфильмі көрсетіле бастады. Оның Астанада өткен тұсаукесеріне «Қазақфильм» киностудиясы балалар үйінің тәрбиеленушілерін шақырып, қайырымдылық көрсетілімін өткізді. Бір жылға жуық түсірілген мультфильмнің өзі Түрік қағанатының батыры Күлтегін туралы.

«Күлтегінді» көруге келген кішкентай көрермендердің қуанышында шек жоқ. Кинозалға кіргенше асыққан ұл-қыздарға алдымен поп-корн мен тәтті сусын үлестілірілді. Кейін орындарына жайғасып, көптен күткен мультфилмді тамашалады. Оны түсірген режиссер-аниматор туынды балаларды ерлікке, бірлікке баулыйды дейді.

Адай Әбілда, мультфильм режиссері:

-Өте шытырман оқиғалы. Ішінде достық, туысқандық, сатқындық туралы бар. Соғыстың сахналары бар.  Әрине балалар бүгін көп кітап оқи қоймайды. Тарихты қаза қоймайды. Сол үшін мультфильм арқылы ғана біз балалардың санасына әсер ете аламыз.

Анимациялық туындыны «Қазақфильм» киностудиясы 1 жылға жуық түсірген. Сөйтіп, бүгінгі премьераға балалар үйінің тәрбиеленушілерін шақырыпты. Мультфильмнің өзі көшпенді халықтардың басын біріктірген Түрік қағанатының даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің қалай батыр болғаны туралы. Оны 1 сағат бойы көрген ұл-қыздар әсерленіп шықты.

Нұрайлым Қамытбек, оқушы:

-Мен Күлтегіннің батыр екенін білдім. Басқа балаларға да оны көруге кеңес беремін. Мен фультфильімнен соң оның жақсылыққа үйрететінін түсіндім.

Енді «Күлтегінді»  бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан тамашалауға болады. Ол анимация, графика жағынан шетелдің мақтаулы мультфилмдерінен кем түспейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде