Тұңғыш президент қорының стипендиаттары анықталды
Ақыл жастан. Алматыда Тұңғыш президенті - елбасы қорының стипендиаттары анықталды. Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша 80 студент жыл бойы айына 40 мың теңге шәкіртақы алып отырады. Үздіктер «Замануаи Қазақстанның инновациялық дамуы және ғылымға деген сұранысы» халықаралық ғылыми конференция барысында марапатталды.
Автор: Асқарбек Қазанғап
22.11.2018
Дастан Қазтай, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті:
-Робот журналистикаға қатысты өзімнің ғылыми жұмысымды қорғаған едім және сол бағытта республика бойынша бірінші орын жүлдегері атандым. 80 талапкер жүлдеге ілікті. Соның бірі болғаныма, бүгін сол марапатқа іліккеніме айырқша қуаныштымын. Және елбасы қорына жастарға осындай мүмкіндік бергеніне үлкен алғысымды білдіргім келеді.
Екі күнге созылатын конференцияда түрлі шеберлік сабақтары өтеді. Ғылымға тәй-тәй басқан жас ғалымдар өз жобаларын паш етіп, зияткерлік сайысқа түседі. Ал, шараның бір күні әлеуметтанушылар мен әлеуеметтік қызметкерлерге арналмақ. Ол үшін Тұңғыш президент қоры АҚШ-тың, Қырғызстанның және еліміздің жетекші мамандарымен күзгі мектеп ұйымдастырады.
Дина Разақова, Тұран университетінің кафедра меңгерушісі:
-Ғылыми жаңалықтарды қалай жүргізу керек екені, оларды қалай сапалы, ғылыми жұмыстардың сапасын қалай жақсарту керек , жалпы ғылымға деген болашақтың біздің ғылымға деген жастардың көзқарасын қалай қалыптастыру деген бағыттағы мақсаттарды қарастырамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!