{metadescription}
Елге белгілі тұлғалардың есімдері жазылған каталог құрастырылатын болды
Елге белгілі тұлғалардың есімдері жазылған каталог құрастырылатын болды

Елге белгілі тұлғалардың есімдері жазылған каталог құрастырылатын болды

Соның негізінде болашақта «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты парк-энциклопедия ашылмақ. Бұл туралы Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтқан болатын.

Ал бұл жұмыстармен Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайы айналыспақ. Игі шараға еліміздің бүкіл зиялы қауымы атсалысайын деп отыр. Әр сала бойынша білгір мамандар жұмыс істейді. Мәселен, бай тарихымызды көрсету үшін тарихшылар көшпелі тұрмысымызды ғана емес, сонымен бірге жер бөлінісі, қала құрылысы мен металл игеру сынды басқа да шаруашылықтарды жақсы меңгергенімізді көрсетуі керек. Заманауи дизайнерлер байырғы киім үлгілерін тігуге құлшына кіріспек. Ал құм басқан тарихи қалаларымыздың орны туристердің тамсана қарайтын музейлеріне айналмақ.

Нұрболат Ахметжанов, Әзірет сұлтан мәдени, тарихи қорық-музейінің директоры:

-Оларды енді кешегі бағдарламаға сүйене отырсақ, сол табылған біздің Сарайшық бар. Соларды ел игілігіне жарату үшін, туристерге тартымды қылу үшін аспан астындағы музейлерді ашу қолға алынып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде