{metadescription}
Атырау облысында бірнеше отбасы далада қаңғып қалды
Атырау облысында бірнеше отбасы далада қаңғып қалды

Атырау облысында бірнеше отбасы далада қаңғып қалды

Қазір тума-туыс пен жанашыр жандарды паналап жүрген төрт отбасы өздеріне жергілікті басшылықтың тарапынан қандай да болсын көмектің көрсетілмей отырғанына ренжулі. Бірақ әкімдіктегілер баспанадан айырылғанына тұрғындардың өздерін кінәлі санап, өкпе-реніштері орынсыз деп отыр.

Осыдан екі ай бұрын Доссор кентінде болған мына өрт салынғанына елу жылға жуықтаған екі қабатты үйді түгел шарпып, аз ғана уақытта шаңырағын ортасына түсірді. Абырой болғанда, зардап шеккен адам жоқ.  Бірақ кәдеге жарар ештеңе қалмапты.  Құжаттарын ғана алып үлгерген төрт отбасының ойраны шығып жатса да баспаналарын тастағылары жоқ. Тіршілік етіп, өз беттерінше жөндемек болып қимылдағанымен, ештеңе шығар емес. Өйткені мұнда тұратындардың дені – зейнеткерлер, жұмыссыздар мен жалғызбасты аналар.

Райгүл Орынбасарова, Доссор кентінің тұрғыны:

- Қазіргі таңда жұмыста жоқпын. Көмек болса деймін. Өзімнің үш баламмен өзіммен өзім тұрғым келеді.  Бір емес, төрт үй өртеніп кетті ғой. Қараусыз қалмайтын шығармыз деген үміттеміз де әлі.

Бұл оқиғадан соң аудан, ауыл әкімдігі де тұрғындармен жиын өткізген. Оған үміт артып, жақсы жаңалықтан дәмелі болып барғандардың көңілін басшылардың бір ауыз сөзі басып тастапты. 

Ғалия Жұпарбаева, Доссор кентінің тұрғыны:

- Әкім орынбасары  келді Төлеуішев деген Мақаттан. «Апа, қабырға тұр ма, тұр, қабырға тұрғасын жерде сізге ештеңе заңда қарастырылмаған, көмек те берілмейді, үй де берілмейді» деді.

Айта кету керек, өрттің неден шыққанын білу мақсатында сараптама жұмыстары жүргізілгенімен, оның себебі сол күйі анықталмапты. Тұрғындар қолдарына қорытындыны алып, көмек сұрап, жан-жаққа арыз жазғанмен де жауабы әзірге қуантпай отыр. Өйткені пәтерден айырылған бұлардың ешқайсысы көмек көрсетілуге тиісті топтардың біріне де жатпайтын көрінеді. Ал өрттің шығуына тұрғындардың өзі кінәлі көрінеді.

Ербол Ермағанбетов, Доссор кентінің әкімі

- Әрбір тұрғын шынына келгенде өзінің мүлкі үшін, өзінің тұрғын үйі үшін жауапты болуы керек қой, сақтандыру керек. Оларға сақтандырудың қажеттігі туралы да түсінік жұмыстары жүргізілді. Өздерінің мүліктері үшін өздері жауапты екендіктері де ескертілді.

- Доссор кенті әкімдігінің қызметкерлері өрттің кесірінен баспанасынан айырылып, жан-жаққа бытырап жүрген тұрғындарға көмек көрсету мақсатында жергілікті кәсіпкерлерге де хабарласқан. Бірақ, өкінішке қарай, жерлестеріне қол ұшын созғысы келетін қалталы азаматтар әзірге табылмай тұрған көрінеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.