Ақтөбе облысында үрей құшағында отырған ауыл күзетке алынды
Ақтөбе облысында үрей құшағында отырған ауылды күні-түні елу полиция қызметкері күзетін болды. Себебі Қосестек ауылында шөп өртеп жүрген қаскөй әлі ұсталмаған. Тәртіп сақшыларынан бөлек бұл ауылға төтенше жағдайлар департаментінен де адамдар жіберілді.
Автор: Жаңалық Ахаш
22.11.2018
Соңғы екі күн Қосестекте тыныштық орнаған. Оған дейін он үйдің қорасындағы шөп күлге айналып, мал қыстық азығынан айрылған еді. Тағы үш үйдің қорасындағы шөпке от қоюға күдікті үлгермеген. Енді шағын ауылда тәртіп сақшылары шұбырып жүрген соң, қылмыскер де тынышталған сыңайлы. Жергілікті әкімдік шөбінен айрылғандарға жүз мың теңгеден таратып берген. Ол ақшаны депутаттар мен кәсіпкерлерден жылу ретінде жинапты. Одан бөлек жем-шөбін тегін жеткізіп береміз деп отыр
Мұратбек Ержақыпов, Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің бас маманы:
-Қазіргі таңда Қосестек ауылында болған өрт жағдайына байланысты тұрғындарға көмек беруде. Ақшалай жүз мың теңге әр отбасына берілді және малдарына жем-шөппен қамтамасыз етіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!