Шымкентте 210 метрлік мұржа құлады
Бұрынғы қорғасын зауытының иелігіндегі алып нысан арнайы техника алтыншы күн дегенде әзер құлатқан.
Автор: Бек Әбиев
22.11.2018
Қорғасын зауыты істен шыққалы - 7 жылдан бері онсыз да көнерген құбырдың бүйірін металл іздегендер тонап, салдарынан мұржа қисая бастаған еді. Сондықтан, жергілікті банкке өтіп кеткен мекеменің 200 метрден асатын нысанды демонтажтауды ұйғарыпты. Жақын маңдағы үйлерге қауіп келуі мүмкіндігін ескерткен мамандар, 80 жылға жуық тарихы бар мұржаны құлатуды 17-ші қараша күні бастаған. Алтыншы күн дегенде әзер құлаған жүздеген тонна салмағы бар құбырдың шаңы, жақын маңдағы үйлерге жетіп, кей баспаналардың терезелері шытынапты. Жұртқа келтірілген нақты залал әлі тексеріледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!