{metadescription}
Елімізде жастардың көбі мамандық таңдаудан шатысады
Елімізде жастардың көбі мамандық таңдаудан шатысады

Елімізде жастардың көбі мамандық таңдаудан шатысады

Елімізде мектеп түлектерінің 70 пайызы кәсіп таңдауда қиындыққа тап болады. Ал жоғары оқу орнын тәмәмдағандардың жартысы өзге саладан нәпақа іздеп кетеді. Осындай олқылықтың орнын толтыру мақсатында Алматыда «KASIPFEST» форумы өткізілді.

Кәсіптік бағдар беруді мақсат еткен жиынға қала мектептеріндегі 11-ші сыныптың 7 мыңнан астам оқушысы жиналды. Бірнеше кезеңге бөлінген жобада оқушыларға кәсіп таңдауға, өмірден өз орнын табуға жол көрсетеді. Сондай-ақ, онлайн кәсіптік диагностикадан өткен оқушылардың қандай салаға бейім екенін және мамандықты игерудегі мүмкіндіктері анықталады. Себебі, әлемде кәсібін дұрыс таңдамаған 70 миллионнан астам жас жұмыс таппай жүреді екен. Ал форумға Алматыдағы белді оқу орындары да қатысып, жастарға сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат берді.

Шолпан Садықова, Қазақ-Ресей медицина университетінің проректоры:

-Медициналық білім беру және өзіміздің университет жөнінде жастарғы кеңінен мәлімет айтамыз. Себебі, жоғары білім иесі атану кез келген жасқа өзін әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әрине, дәрігерлік мамандықты таңдау оңай шаура емес. Бірақ, соған қарамастан ынталы жастардың қатары көп.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде