{metadescription}
Алматы облысында адамға толы автобус апатқа ұшырады
Алматы облысында адамға толы автобус апатқа ұшырады

Алматы облысында адамға толы автобус апатқа ұшырады

Алматы-Талдықорған бағытындағы микроавтобус апатқа ұшырады. 7-і адам зардап шегіп, солардың біреуі бүгін көз жұмды. Оқыс оқиға Көксу ауданындағы Балпық би ауылының жанында болған. Осы жайт бойынша қазір тексеріс басталып кеткен. Апатқа жүргізуші кінәлі деген болжам бар.

Жедел-жәрдем жеткенше зардап шеккендер шарасыздықтан аппақ қарды жастанған. Жанары жасқа шыланған жандар  есеңгірегеннен еңіреп, не істерін білмей әлек. Ғалия Байсуанованың қапылыста қысылып қалған қызын жоғалттым ба деп жүрегі қарс айырыла жаздаған. Автобустағы 17 жолаушының оны үйінен қайтарылып, жетеуі ауруханаға жатқызылған.

Қанат Озат, Көксу аудандық ауруханасының дәрігері:

-Екі науқас хирургияда, үшеуі реанимацияда және екі науқасты көпсалалы ауруханаға Талдықорған қаласына аударылды. Осы қабылдау бөлімінде хирург мамандар мен реаниматолог дәрігерлермен алғашқы көмек көрсетілді.

Апат кеше түс әлетінде болған. Зардап шеккендерге барынша жедел көмек көрсетілгенімен, бүгін таңертеі біреуі қайтыс болды. Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Микроавтобус жүргізушінің апатқа қаншалықты кінәлі екені тек тексеріс қорытындысы бойынша белгілі болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.