{metadescription}
Оқ атып той кортежімен тайраңдағандар жазаланды
Оқ атып той кортежімен тайраңдағандар жазаланды

Оқ атып той кортежімен тайраңдағандар жазаланды

Семейде жаяулар жолында тайраңдаған той кортежін тізгіндегендер жазаланды. Елді дүрліктіріп аспанға оқ жаудырған дарақы жүргізуші де жауапқа тартылуда.

Шаһардың қақ ортасын ойқастағандарды куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған. Онда қымбат шетелдік көліктердің кейбіреуі, арнайы қызмет барысында қолданылатын дабыл қондырғысымен жабдықталғанын көруге болады. Бейбіт күнде қару асынып, аспанға тапаншадан оқ атқандар да бар. Одан қалса жаяу адамға арналған жолмен жүріп, өзгелерге жол бермеген. Енді кортежде кінәлі болғандар 36 мыңнын 60 мың теңгеге дейін айыппұл төлеп құтылды. Ал, пистолет атқан жүргізушінің үстінен бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.