Жеткіншектер Елбасының сүйікті әндерін шырқап сайысқа түсті
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған талантты жасөспірімдер Елбасының сүйікті әндерін шырқап сайысқа түсті. Сөйтіп, Астанада «Көңілдің асыл пернесі» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Автор: Жәудір Оразхан
27.11.2018
Мектеп жасындағы өнерпаздар вокал, домбыра және өлең оқып сайысқан. Жалпы, еліміздің барлық өңірінен 150-ден астам өтініш түскен. Биыл байқау үш номинация бойынша өтті. Яғни бұл жолы домбыра да қосылған. Қазылар жүзден жүйрік жеті өнерпазды таңдап алыпты. Комиссия мүшелері, әсіресе, Орал, Астана, Павлодардың жастарын ерекше бағалап отыр. Мәселен, Шығыс Қазақстаннан келген Шырын президенттің сүйікті әнін орындап, үшінші орын алды.
Шырын Изатова, байқауға қатысушы:
- «Еділ мен Жайық» деген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жақсы көретін әндерінен айттым. Бірінші турда видео жіберу арқылы өтініш тастадық. Сонда Шығыс Қазақстан бойынша мені ғана таңдап алып, осы жарысқа келіп отырмын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!