СПИД-тен сақтаныңыз!
Алматыда дәрігерлер мінген автобус көшелерді аралап, халықты ВИЧ инфекциясынан қорғануды ескертті. Мамандар әр аялдамаға тоқтаған сайын жолаушыларға кеңес беріп, тегін тексеруден өтуді ұсынды.
Автор: Мақсат Мәлік
27.11.2018
Момышұлы көшесінен басталған керуен Төле бидің бойымен Достық даңғылына жеткенде тоқтады. Осы аралықта 100-ден астам қала тұрғыны денсаулығын тексеруге келісім берді. Себебі, ешкімді мәжбүрлеуге хақымыз жоқ дейді мамандар. Жылдам тесттің тиімділігі 15-20 минуттің ішінде адам ағзасында қауіпті кеселдің бар-жоғын анықтауға болады. Ал, жыл басынан бері 21-ғасыр дерті Алматыда 300-ден аса адамның бойынан анықталып, олар тіркеуге алыныпты. Ал еліміз бойынша 30 жылда СПИД-ке шалдыққандардың саны 30 мыңнан асып кеткен.
Айнұр Жандыбаева, Алматы қалалық ЖИТС орталығының бөлім меңгерушісі:
-Жылдам тесттардың нәтижесі Қазақстан Республикасының бұйырықтарына сәйкес әрі қарай лабораториялық тексерулерден өткізу керек. Сондықтан бүгін тесттен оң нәтиже алып жатсақ ол кісіге психо-әлеуметтік кеңес жүргіземіз және лабораториялық тәсілмен тексеруден өтуге орталыққа шақырамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!