Астанада оқушының өлімінен соң метал қабылдау орындарында тексеріс күшейтілді
Полиция металл қабылдау орындарында тексерісті күшейтті. Астанада құдыққа құлап қапыда көз жұмған 13 жастағы оқушының өлімінен кейін темір қабылдайтын жерлерді аяғынан тік тұрғызды. Олар да полицияның кәріз құдықтары қақпақтарын қатты қадағалайтынын біліп алған.
Автор: Ербол Тұрымбет
27.11.2018
Бұл Астананың басқа келбеті. Алаш тас жолы бойындағы үлкен көпірдің асты құж-құж қайнаған бизнес. Мұнда бірде бір құжаты жоқ кәсіпкерлер заңсыз бизнестің көрігін қыздырып жатыр. Мыс, алюминий, латунь, темір – түсті металдың бәрін қабылдайды. Тек арасында құдық қақпақтары жоқ. Жалпы, жыл басынан бері 104 құдық қақпағының ұрланғаны анықталып, оның 40-ы осындай металл қабылдау орындарынан тәркіленген. Ал қала бойынша барлығы 68 металл қабылдау орны анықталса, соның тек 16-сында ғана арнайы рұқсаты бар екен. Оларға әкімшілік шара қолданылып, заңсыз бизнесін жабу туралы қолхат жаздырып алады.
Төлеген Сәтбаев, Астана қалалық полиция департаментінің аумақтық инспекторы:
- Ескерту жазып береміз. Мысалға темірлері жатса сыртта, соларға да ескерту жазамыз. Екінші рет айыппұл салынады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!