{metadescription}
Шығыста археологиялық кешен жойылудың аз-ақ алдында тұр
Шығыста археологиялық кешен жойылудың аз-ақ алдында тұр

Шығыста археологиялық кешен жойылудың аз-ақ алдында тұр

Шығыс Қазақстандағы Ақбауыр аспанасты археологиялық кешені жойылудың аз-ақ алдында тұр. Туристердің көптеп келуіне байланысты тастың бетіндегі ежелгі таңбалар мен суреттер өшіп барады. Өңірдегі өлкетанушылар мұны айтып дабыл қағуда.

Археологтардың айтуынша, бұлай жалғаса берсе 6 мың жылдық тарихы бар ескерткіш мүлдем жойылып кетуі мүмкін. Өйткені тастарда қашалған петроглифтерді бұған дейін вандалдар бүлдіріп үлгерген. Ал қазір қола дәуіріне жататын бірегей жәдігердің маңында жұрт кәуәп пісіріп, көңіл көтеретін орынға айналдырған. Сондықтан өлкетанушылар, бұл аумаққа кім көрінгеннің кіруіне шектеу қойып, шұғыл ғылыми зерттеу жүргізу керек деп отыр. Бұған қоса, ғалымдар Өскеменнен 30 шақырым қашықтықта орналасқан Ақбауыр жартасы туралы түрлі болжамдар айтады. Бірі – мұнда көне обсерватория болған десе, енді бірі – бес мың жыл бұрын мұнда тылсым жоралғылар жүргізілген деп санайды. Бұған көз жеткізу үшін келесі жылы осында қазба жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.