{metadescription}
Қарағанды облысында алаяққа алданғандар шу шығарды
Қарағанды облысында алаяққа алданғандар шу шығарды

Қарағанды облысында алаяққа алданғандар шу шығарды

Қарағанды облысының Абай қаласында 30-ға тарта адам 23 жастағы келіншекті шам алып іздеп жүр. Өйткені барлығы оның қолына ақша ұстатып, жер сипап қалған. Біразына пәтерді жалға берем десе, екіншілеріің үйін жөндеп беретін болған. Үшіншілеріне балабақшадан орын табатын болып уағдаласыпты. Алайда, қаржыны қалтасына басып, қарасын батырған. Тіпті сот орындаушысының көмекшісі ретінде елден өндірілген айыппұлдарды да бюджетке төлемей келіпті.

Абай қаласының тұрғындары 23 жастағы Анжеликаның терезесінің түбіне жиналып арыз талаптарын айтады. Сот орындаушысының көмекшісімін деген қыз бұлардың кейбірінен мемлекет салған айыппұлдарды өндірген. Бірақ олардан алған ақшаны бюджетке төлемей, қалтасына басып отырыпты. Елдің енді бір бөлігі келіншектің пәтерін жалға алу үшін ақша берген. Бірақ пәтер де, қаражат та жоқ. Тіпті, бір тұрғынға сол пәтерді сатып та жіберген екен.   

Жанна Терешкова Абай қаласының тұрғыны:

- Пәтер үшін ақша төлер кезде сатып алу, келісім шарт жасау керек болғанбыз. Бірақ ол ақшаны сіздерден қарызға алған келісім шарт жасасайық, біраз уақыттан соң баспананы аттарыңа аударып берем деді. Ақырында ақшаны да, пәтерді де көрмедік. Полицияға арыздансақ, ол сенен ақшаны қарызға алған. Азаматтық шағым ретінде сотқа арызданыңыз деп қайтарды.

Сенімге тез кіргіш Анжеликаға алдандық дегендер бұл топ қана емес екен. Ол жұрттың біразының баспанасын жөндеп берем деп алдын ала ақшаларын алып отырған. Оның қолына баласын балабақшаға орналастыру үшін және түрлі айыппұлдар мен салықтардан жалтару үшін де ақша санап бергендер бар. 

Ородж Смаилов, Абай қаласының тұрғыны:

- Менің қызымнан жалға пәтер берем деп ақшасын алып кеткен. Сөйтсек ол пәтер үшін 10 шақты адамнан ақша алыпты. Жол полициясы салған айыппұлдарды жоқ қылам, әкімдіктен қажетті анықтамалар алып берем, балабақшаға бала орналастырам дейтін. Тіпті қолынан келмейтіні жоқ. Сенгендер ақшаларын ұстата берген.  

Алданғандарын кеш сезген абайлықтар бірден полияға арызданған. Бірақ 30 шақты адамның 8-нің ғана арызы қабылданыпты. Көбі оның қолына қаражатты қарызға деп ұстатқандықтан, қылмыстық құрамы жоқ екен. Ашуға булыққандар Анжеликаның өзімен де сөйлесіп көрген. Анжеликаның өзі тілшілерге түсінік беруден бас тартты. Жата кеп жамандасаңдар сотқа берем, заңды білем дейді.  Оның заңнан хабары барын заңгерлер де мойындап отыр. 

Илья Махлов, заңгер:

- Зардап шегушілердің көбінен ақшаны қарызға деп алған.Келісім шарт та солай жасалып отыр. Заңды білген соң, әдейі осылай істеп отыр. Сондықтан елдің барлығы ақшасын қайтаруы қиынға соғады. Мұнда полиция тиянақты жұмыс жасауы қажет. Түрлі сараптамалар тағайындалуы керек.

8 адамнан ғана қабылданған арыз негізінде алаяқтық бабы бойынша тергеуге дейінгі тексеріс жүріп жатыр. Дегенмен істің қозғалатынына, қозғалса да дұрыс жүретінінен жұрт сенбейді. Сондықтан прокуратураға да арыз жазбақ. Тіпті, Анжелика қашып кетпес үшін, кезекпен үйін де торуылдаймыз дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде