{metadescription}
Елімізде өзін өлімге қиған жеткіншектердің қатары азаймай тұр
Елімізде өзін өлімге қиған жеткіншектердің қатары азаймай тұр

Елімізде өзін өлімге қиған жеткіншектердің қатары азаймай тұр

Тіпті, Қазақстан балалар арасындағы суицид көрсеткіші жағынан әлем бойынша 7-ші орында. Бұл жағымсыз статистиканы Денсаулық сақтау министрлігі де растады. Балалар арасындағы өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары неге белең алып кетті? Қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін мемлекет тарапынан қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

Расымен де, балалар суициді  ешкімді бей-жай қалдырмайтын және қоғамда үлкен үрей тудыратын тақырып. Соңғы жылдары әлем бойынша суицидтің айтарлықтай жасарғанын статистика растады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, жер бетінде жыл сайын 55 миллион бала қорлық көреді екен. Оның 44 миллионына түрлі сипатта күш күрсетілсе, 18 миллионы сексуалдық зорлықтан зардап шегеді. Психологтар кішкентайынан жәбір көріп, психикалық зақым алған бала суицидке ұзақ уақыт дайындалатынын айтады.

Айсұлу Молдабек, психолог:

- Бала кемсітушілікке, қорлау, зорлауға тап болуы мүмкін. Ол балалық шақта ескерілмей, жасөспірім шақта ашыла бастайды. Мұндай деректердің жиілеуі, біздің алдыңғы қатарда тұрғанымыз, елімізде экономикалық-әлеуметтік мәселелердің тіптен қордаланып, күрделенгенін көрсетеді.

Өкінішке қарай, статистика өте қорқынышты болып тұр. Жыл басынан бері елімізде 5 және 17 жас аралығындағы 134-тен астам жас өскін өз-өзіне қол салып, өмірімен ерте қош айтысса, осы мектеп жасындағы 294 бала суицид жасауға талпынған. Осылайша, Қазақстан өз еркімен ажал құшатын балалардың саны бойынша 7-ші орынға тұрақтады. Бұл тізімнің алғашқы ондығына Ресей, Латвия, Бельгия, Финляндия, Молдова және Украина тұр. Ал, денсаулық сақтау министрлігі ЮНИСЕФ балалар қорымен бірлесіп, арнайы жоба енгізіпті. Ол бойынша мұғалімдер мен мектеп психиологтары кәсіби мамандардан тәлім алады.

Жұлдызай Әлиева, Республикалық Психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының психологы:

- Егер мәселе ушыққан жағдайда оны қай жаққа бағыттау керек? Дер кезінде алғашқы көмек беру шараларын жүргізуге мүмкіндік туғызып, осыған кәсіби тұрғыдан дайындайды.  

Әйтседе, бұл мәселені әлі де жан-жақты зерттеп, мемлекет тарапынан нақты шараларға көшкен жөн деген байлам жасауға болады. Себебі, балалар арасында суицидтің көбеюі - осындай жағдайға ұшыраған қандай да бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның қайғысы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде