{metadescription}
Жамбылда 20 тонна этил спиртін жасырын тасымалдағандар ұсталды
Автокөліктің терезесін шаятын сұйықтық дегені спирт болып шықты.
Автор: Руслан Әбдіхалық
27.11.2018
Күдік туғызған жүк көлігі «Тараз-Меркі» тас жолында тоқтатылған. Ішінен 20 дана мың литрлік бөшке табылған. Фургон да, тауар да Алматыдағы бір фирмаға тиесілі дейді. Ал оны Тараздағы бір компаниядан алып шығыпты-мыс. Құжатта тауар машинаның әйнегін жуатын көк түсті сұйықтық деп көрсетілген. Бірақ тексере келе оның спирт екені анықталып отыр. Қазір спирт тәркіленіп, дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!