{metadescription}
Елімізде әуедегі қауіпсіздікті қадағалайтын дербес ұйым құрылды
Елімізде әуедегі қауіпсіздікті қадағалайтын дербес ұйым құрылды

Елімізде әуедегі қауіпсіздікті қадағалайтын дербес ұйым құрылды

Енді көкке көтерілген ұшақтың экипаж мүшесінен бастап техникалық жағдайын «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» бақылайтын болады.  

Бұған дейін ұшақтағы қауіпсіздік Азаматтық авиация комитетінің құзырында болатын. «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» іске кіріссе, отандық ұшақтар халықаралық ИКАО ұйымының талаптарына сай жұмыс істей бастайды екен. Ол үшін елімізге шетелдерден мамандар шақырылады. Негізі, сенаторлар Үкіметтен тәуелсіз авиациялық ұйым құруды  талай рет талап еткен. Депутаттар жаңа мекеме мемлекеттік органдарға бағынбау  керек деген болатын. Алайда «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі»  Инвестициялар және даму министрлігіне тікелей қарасты. 

Талғат Ластаев, ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы:

-Әуе компанияларына, ұшақтарға, әуежайға сертификат беру жаңа ұйымның міндеті болады. Ол британдық әдіспен жұмыс істейді. Ал Азаматтық авиация комитеті мемлекеттік тапсырыстарды орындау, халықаралық қатынас, тариф, рейстерді реттейді.  Және Авиациялық әкімшлікті бақылауда ұстайды.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде