{metadescription}
Мұхтар Әбіләзов қолға түссе өмір бойына түрмеге қамалмақ
Мұхтар Әбіләзов қолға түссе өмір бойына түрмеге қамалмақ

Мұхтар Әбіләзов қолға түссе өмір бойына түрмеге қамалмақ

Адам өлтіруге тапсырыс берді деп айыпталған Мұхтар Әбіләзовқа қатысты Тараздағы атышулы іс аяқталды. Банкир Ержан Тәтішевті өлтіруге тапсырыс берді деп айыпталған қашқын олигарх енді қолға түссе өмір бойына түрмеге қамалмақ. Сырттай кесілген үкім Әбіләзовтің өзіне қалай жеткізіледі?

Мұхтар Әбіләзовтың қылмысы нақты айғақтармен жүз пайыз дәлелденген. Әрі судья оның еліміздегі ең ірі банк басшысын өлтіртуі, бұл іске Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын тартуы Қазақстанның беделіне нұқсан келтірді деп санайды. Және қашқын олигархтың бұған дейін де сотталғаны ескерілген. Яғни, Әбіләзов өткен жылы «қылмыс жасауға оқталу, қылмыстық топ құру, оған басшылық жасау» сынды баптар бойынша айыпталып, сырттай 20 жылға сотталғанды. Судья осының бәрін саралай келе, Әбіләзовты өмір бойына түрмеге қамау керек деп шешті. 

Кенжеғли Кенжебеков, судья:

-«Айыптаушы тарап Мұхтар Қабылұлы Әбіләзов 1997 жылғы редакциядағы Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігімен, 96-баптың 2-бөлігінің «ж, з» тармақтарында қарастырылған қылмыс бойынша айыпты деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылсын». 

Мұхтар Әбіләзовқа сот басталарда ақпарат құралдары арқылы хабар айтылды деген болатын судья. Бүгінгі үкім жайлы да ақпар сотталған азаматқа дәл сол жүйемен жеткізілмек. Ал Әбіләзовтың шетелде жасырынып жүргенін айта кетейік. Бірақ оның қазір нақты қай мемлекетте екені белгісіз. Жалпы, бұл атышулы іс кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің істі болуынан басталған еді. Тоқмәди «Тұран Әлем Банкінің» бұрынғы басшысы Ержан Тәтішевті аңшылық кезінде қасақана өлтіргенін 13 жылдан кейін мойындап, тапсырысты Әбіләзов берді деп айтқан. Киллерлік қызметі үшін 4 млн. доллар алдым деген. Бірақ адам өлтіруге экс-банкир Әбіләзовтан қорыққанымнан амалсыз бардым деп ақталған болатын.  

Мұратхан Тоқмәди, жазасын өтеуші:

- Угрозы были в плане того, что через высокопоставленных друзей его он может организовать арест либо заказать. А так же он знал прекрасно о всех семейных делах, в каких школах мои дети учатся. Реакция была какая это испуг, он умел давить.

Осы үшін Тоқмадидің өзі жыл басында 10 жылға сотталып, қазір жазасын өтеп жатыр. Бұл сот процесіне жалпы саны 60 куәгер тартылған. Арасында Ұлтық Қауіпсіздік Комитетінің экс-төрағасы Нартай Дүтбаев та болды.

Ал Әбіләзов 15 күннің ішінде апелляциялық шағым түсіре ме, жоқ па, ол жағы белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қаңтар

03 қаңтар

02 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде