Алматыда халықаралық мәдени форум өтті
Орта Азия елдерін біріктіретін ортақ мәдениет. Бүгін Алматыда Тұңғыш президент қорының қолдауымен халықаралық мәдени форумы өтті. Жиынға әлемнің ірі қалаларынан келген өнер адамдары мен мәдени жобалардың авторлары қатысты.
Автор: Cымбат Ғалымбекұлы
28.11.2018
Олар ортақ жобаларды бірлесе талқылап, пікір алмасты. Дәстүрлі ұлттық мәдениетті сақтай отырып, осы саладағы қордаланған мәселелерді тілге тиек етті. Сондай-ақ, Германия, Сингапур, Моңғолия елдерінің сарапшылары заманауи мәдениеттің дамуына қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Ұйымдастырушылар өзге елдермен тәжірибе алмасу еліміздің төл мәдениетін әлемге паш етуге тамаша мүмкіндік екенін айтады. Халықаралық өнер байқауларында олжалы оралатын дарынды жастарға Тұңғыш Президент қоры қолдау көрсетпек. Ал мәдениет саласындағы үздік жобаларға қор гранттар табыстауын жалғастырады.
Гауһар Тасбергенова, Тұңғыш Президент қоры Мәдениет кеңесі басқарма басшысының орынбасары:
-Жобалар өте көп. Мәселен, өткен жылы еліміздің өнерпаздары 50-ден астам мемлекетте болды. Көпшілік қошеметіне бөленді. Әлем жұртшылығы біздің мұражай, театрларымызға арнайы келіп,таңдай қақты. Бұл бірлесіп атқарған жұмыс. Тұңғыш Президент қоры мәдениет саласына қажетті жобаларды іріктеп, грант бөледі. Мақсатымыз Қазақстанды мәдени жетістіктерімен әлемге таныту.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!