{metadescription}
Астанада президент мақаласы ерекше тәсілмен түсіндірілді
Астанада президент мақаласы ерекше тәсілмен түсіндірілді

Астанада президент мақаласы ерекше тәсілмен түсіндірілді

«Білім-инновация» лицейлерінде елбасы мақаласы  ерекше тәсілмен түсіндірілді. Білім ошағы ел бойынша 30-дан астам мектебімен  тікелей байланыс орнатып бір мезетте мыңдаған шәкіртіне мақаладағы басым бағыттарды айтып берді.

Ашық сабаққа «Ұлы даланың жасампаз жастары» деп ат қойылған. Ал Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы бастамалар 3 топқа бөліну арқылы талданды. Сөйтіп оқушылар  еліміздің мәдени және рухани дамуы үшін жеті тарихи жайтқа сүйенген алты ірі жоба жөнінде өз ойларын айтты. Елбасы  мақаласын онлайн сабақ арқылы қызықты етіп түсіндірген лицей ұстаздары бұл әдісті бұдан әрі де қолдана бермек. Сондай-ақ бүгін оқушылардың әлеуметтік белсенділік, мәдени, өнер, спорт, нақты айтқанда жан-жақты дағдыларын қалыптастыру мақсатында баламасы жоқ «Мәдени паспорт» жобасы да таныстырылды.

Дастан Ілияс, «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының бас маманы:

- Негізгі функциялары қосымша білім алу, өз-өзін жетілдіру. Салауатты өмір салты, ұлттық құндылықтар мен  мәдени көкжиекті дамытуды көздейді. Бұл жоба оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде