Атышулы Эксимбанк жабылып тынды
Сот шешімімен жұмысы тоқтатылған қаржы мекемесінің салымшылары оныншы желтоқсаннан бастап қаражаттарын ала алады.
Автор: Әсем Лесбек
28.11.2018
Құрдымға кеткен үш банктің ішінде Эксимбанкта жеке тұлғалардың депозиті аз екен. Небәрі 361 салымшыға 249 миллион теңге қарыз. Ал, Qazaq банкі бойынша 18 мыңға жуық адамның 24 миллиард теңге депозиті жатыр. Сондай-ақ, Астана банкі 275 мың салымшыға 37 миллиард теңге қарыз. Оларға кепіл - агенті кім болатыны яғни міндеттемелерін өз мойнына қай банк алатыны төртінші желтоқсанда белгілі болмақ. Осылай оныншы желтоқсаннан бастап, барлық банктердің өтемақылары төленбек.
Иван Мойсов, ҚР Ұлттық Банкі Департамен директоры:
-Салымшылар жеке куәлігімен келіп арыз жазулары тиіс. Ал Банк - агент түскен өтініш бойынша бес күннің ішінде ақшаны аударады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары