{metadescription}
0:000:00
Алматыға ұша алмаған жолаушылар шу шығарды 

Алматыға ұша алмаған жолаушылар шу шығарды 

Жолдан қалған жолаушылар! Таңертең Астана мен Ақтаудан ұшып, Алматыға қонуы тиіс ұшақтар Шымкент әуежайына табан тіреді. Жолдан қалған жолаушылардың жалпы саны 300-ге жуық. Межелеген Алматыға жете алмай күйінген жолаушыларға «Скат» әуекомпаниясы өкілдері жағдайды түсіндірмеді дейді. 

Сәрсенбай Өстеміров, жолаушы:

-Алматыда қаншама жоспарларым бар еді. Ол да қалды.  Өтемақы талап етеміз. «Эйр Астана» қонды.  Енді желкемнің шұқыры көретін болсын бұларды.    

Әсіресе кішкентай шақалақтары бар жолаушыларға қиын түсіп жатыр. Анасының жерлеуіне жете алмай қалғандар да бар. Күні бойы ұшақ күтіп титықтаған жолаушыларға жанжал шығарғанша ас-суын да бермепті. Наразы жұрт жаппай азаматтық авиация комитетіне шағым түсіреміз дейді. Ал, СКАТ әуекомпаниясы болса қону бағытының өзгеруімен жолаушылардың Шымкентте тежелуін қауіпсіздік шараларымен түсіндіреді. Яғни, Алматы тұманданып кеткен соң ұшақты қондыру мүмкін болмапты. Табиғи фактор кедергі болған соң ұшақтардың қашан көкке көтерілетінін айта алмайды. 

Виктория Старожилова, «Skat» әуекомпаниясының ресми өкілі:

-Алматы әуежайы тұманданып, қону қауіпті болған соң ұшақтар Шымкентке келіп қонды. Біз бірінші кезекте жолаушылардың қауіпсіздігін ойладық. Ал, тұман үшін біз жауап бере алмаймыз. Сондықтан, ешқандай өтемақы болуы мүмкін емес. Бірақ, біз қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Келтірілген ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде