АҚШ-та ұсталған отандастарымызға қатысты жаңа мәлімет пайда болды
Қазақстандықтар АҚШ-та кибер қылмыс жасадады деп айыпталуда. Нью-Йорк штатының прокуратурасы екі отандасымыз бен Ресейдің 6 азаматын алаяқтық жолмен 40 миллион долларға жуық қаржыны жымқырған деп отыр.
28.11.2018
Ресми сайттарында күдіктілердің тізімдері де жарияланған. Онда Евгений Тимченко мен Сергей Овсянников Қазақстан азаматтары деп жазылған. Бірнеше бап бойыншы айыпты дегендердің жартысы Малайзия, Болгария және Эстонияда ұсталыпты. Қазір оларды АҚШ қа экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатқан көрінеді. Қазақстан тарапы бұл мәселеге қатысты әзірге мәлімдеме жасаған жоқ. Алайда күдіктілердің бірінің анасы ұлының расында да істі боп жатқанын айтып отыр. Сергей еліміздегі компаниялардың бірінеде ІТ саласында жұмыс істеген. 11 қарашада жұмыс бабымен Эстнонияға кеткен дейді. Овсянников ұшақтан түскен бойда ұсталған екен. Ал екінші отандасымыз туралы ақпарат жоқ. Белгілісі Евгений мен Сергей бір-бірімен байланыста болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!