{metadescription}
Сирия келіссөздерінде оппозиция өкілдері Түркияны айыптады
Сирия келіссөздерінде оппозиция өкілдері Түркияны айыптады

Сирия келіссөздерінде оппозиция өкілдері Түркияны айыптады

Түркия – Сириядағы лаңкестік топтарды қаржыландырып, химиялық қару беріп отыр. Бүгін Сирия президенті Башар Асадтың жақтастары Елордада өткен келіссөзде осындай қатқыл мәлімдеме жасады. Тіпті тараптар қанды қырғынға  бір-бірін айыптап, тағы дауласып қалды.

Сириядағы сойқанды тоқтатуға арналған келіссөздер тығырыққа тірелгендей. Бұл жолы тараптар тұтқын алмасу мен констутуциялық кеңес құру мәселесін қараған еді. Бірақ, екі күнге жалғасқан жиында нақты келісім болған жоқ. Бірақ, бұған қарамастан Сириядағы жағдай реттеліп келеді дейді Ресей тарапы.

Александр Лаврентьев, Сирия бойынша Ресей президентінің ресми өкілі:

-Әсіресе, Сирияның оңтүстігі, Иранмен арадағы шекара маңы тынышталды. Кезінде бас сауғалап кеткен босқындар елге қайта оралып жатыр. Қазір осы істі жеделдетіп, гуманитарлық көмек көрсетуіміз керек.

Бір қызығы ахуалдың оңалып келе жатқанын оппозиция жоққа шығарып отыр. Қарулы топтың генералы Ахмад әл Тома кепіл беруші мемлекеттер Иран мен Ресей өз міндеттемелерін орындамай отыр деп айыптады. Тіпті, Игил, әл Кайда, Жабһад – ән-Нусра сияқты терроистік топтармен күресті сылтау етіп, бейбіт халықты бомбалауда дейді. Әрі тура жиын үстінде қырылған халықтың суреттерін көрсетіп, дәлел келтірмек болды.

Ахмад әл-Тома, Сирия оппозициясының өкілі:

-Иран мен Ресей әскері  аурухана мен  мектептерді  де шабуылдап жатыр.  Осы сұмдыққа Сирия президенті Башар Асад кінәлі. Соның солақай саясатының кесірінен тұрғындар мен бейкүнә балалар қырылып жатыр. 

Ал, ресми Дамаск болса, керісінше, оппозиция өкілдерін лаңкестік топтардың құрамында деп ашық айыптады. Әрі Түркия сол террористерді қаржыландырып отырғанын жасырған жоқ. 

Башар Жаафари, Сирияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі:

-Лаңкестік топтар Алеппода химиялық жарылыс жасады. Оларда ондай қару қайдан болсын? Біз мұндай күшті бомбаны кім беріп отырғанын білеміз. Ол-Түркия. 

Ал, жауласқан тараптарды татуластыру үшін арағайындық жасап жүрген Қазақстан, мәселе соғыспен емес, дипломатиямен шешілетінін тағы қадап айтты. Әрі Үкімет пен қарулы топтың арасында жылымық орнауы үшін тұтқындармен алмасуға шақырды.

-Осылайша тараптар бір үстел басына сан мәрте жиналғанымен ортақ тоқтамға келу қиынға соғып тұр. Әсіресе, оппозиция Астана процесіндегі уағдаластықтардың іске асатынына күмәнмен қарап отыр. Ал, Қазақстан Сирияда бейбітшілік орнату үшін ашық алаң ұсынуға қашан да дайын. Енді келіссөздердің 12-ші рауынды Елордада ақпан айында өтпек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде