{metadescription}
Ресейдегі жол апатынан қаза тапқан жерлестеріміздің мәйіті елге жеткізілді
Ресейдегі жол апатынан қаза тапқан жерлестеріміздің мәйіті елге жеткізілді

Ресейдегі жол апатынан қаза тапқан жерлестеріміздің мәйіті елге жеткізілді

Орынбордан Ақтөбеге дейін сүйектерді әкелуге марқұмдардың туыстары үш көлік жіберген. Ал қызылордалық екі кісінің сүйегін әкетуге сол жақтың әкімдігі арнайы техника бөліпті. Айта кетелік, кеше көрші елдің Тұзтөбе қаласы маңында жүк көлігі таксимен соқтығысып, бес қазақстандық мерт болған еді.

Жеңіл көлікті тізгіндеген Серік Қуановтың туыстары қаралы хабарды ести сала Орынборға кеше аттанған. Марқұм өзінің Фольсвагенімен көрші аймақтарға жолаушы тасиды екен. Апат болатын күні таң атысымен бес адамды көрші елге жеткізіп салмақ болады. Тұзтөбе ауданының Елшанка ауылына жетіп қалғанда тайғақтан қарсы жолға шығып кеткен жүк көлігімен соғылыпты.      

Мирас Тәңірбергенов, марқұм С. Қуановтың інісі:

-Өз жолымен келе жатқан адам. Қарсы бағытқа фура шыққан. Жол тайғақ болған.

31 жастағы таксист Серіктен бөлек 4 жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Ақтөбелік қос құрбы Оразгүл Тәжімұрат пен Бағдагүл Елубаева Орынборға тауар алуға шыққан. Олардың бірінің сүйегін облыс орталығына, екіншісін Темір ауданына жеткізеді. Ал қызылордалық Манас Аралханов пен Халаби Махановтың мәйітін Төретамға алып кетуге сол жақтың әкімдігі арнайы техника бөліпті.

Қайрат Қасым, Ақтөбе облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

-Соль-Илецкіге барып, бүкіл қайтыс болған адамдардың төлқұжатын алып, Оренбург қаласына кетеді. Қызылорда облысының әкімдігі бір көлікті жіберіп, бүгін кешке екі адамның денелерін алып кетеді.

Таксиде болған тағы бір жолаушы мен жүк көлігін тізгіндеген қырғыз азаматы Тұзтөбедегі ауруханада ауыр хәлде жатыр. Жол апатына қатысты тексерумен орынборлық тергеушілер айналысады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде