Астанадан шығатын жолдар жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін Астанада барлық сыныптардың оқушыларына сабақ өтпеді. Елордадан Қарағандыға баратын тасжол жабылып, сондай-ақ қала маңындағы елдімекендерге қатынайтын 4 бірдей қоғамдық көлік те жолға шықпай қалды.
Автор: Ербол Тұрымбет
29.11.2018
Бүгін түскі сағат екіден бастап барлық көлік түріне Қарағандыға қатынауға тыйым салынған. Машиналардың бәрі күре жолдың бойында қаңтарылып қалды. Бұл ауа райы әлегінің басы ғана. "Қазгидрометтің" алдағы үш күнге жасаған болжамы бойынша, төрт бірдей өңірде күн райы бұзылайын деп тұр. Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары аумақтарында жел күшейіп, қар борап, температура күндіз 20 градусқа дейін төмендемек. Тек оңтүстіктің өңірлерді аязқыспаққа алмаса да, жауын-шашын молынан түсейін деп тұр.
Айнұр Қайыңбаева, «Қазгидромет» РМК инжинер-синоптигі:
-Суықтың енері алдында Қара теңіз аумағынан келетін циклон және атмосфералық фронттарға байланысты еліміздің солтүстігінде қар жауады, көктайғақ, бұрқасын сонымен қатар, тұман болады. 30-қараша және 1-желтоқсанда Жамбыл облысы, Алматы және Түркістан облыстарында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын болады. Сонымен қатар, тұман байқалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!