{metadescription}
Алматы тұрғыны жоғалған туысын табу үшін балгердің көмегіне жүгінуге мәжбүр
Алматы тұрғыны жоғалған туысын табу үшін балгердің көмегіне жүгінуге мәжбүр

Алматы тұрғыны жоғалған туысын табу үшін балгердің көмегіне жүгінуге мәжбүр

Алматы облысында балық аулауға кеткен екі азаматтың бірі өлі күйінде табылды. Ол аязда үсіп қалған. Балықшылар көлге шыққанда дауыл көтеріліпті. Ал екіншісін құтқарушылар мен еріктілер алты күн бойы іздестіріп жатыр. Жақынының не өлі не тірі екенін біле алмай дал болған туыстары, төтенше жағдай қызметкерлеріне өкпелері қара қазандай.  Айтуларынша, құтқарушыларға көмек сұрап барғандарында, іздеу шараларын бастауға асықпапты.

Егде жастағы екі азаматтың айдың-күннің амандығында осындай жағдайға ұшырауы жақындарын зар қақсатты. 57 жастағы Хәкімжан Файзитинов пен 55 -тегі Олег Василенко қарашаның 24-і Қапшағай су қоймасының Солтүстік жағалауына балық аулауға шығыпты.

-Сол күні, балықшылар көлге шығып дауылға тап болған. Байланыс құралының жоқтығынан көмек шақырта алмаған. Үстерінде  құтқару белдемшелері де болмапты. Еріктілер мен құтқарушылар 6 күннен бері жоғалған екінші балықшыны іздестіріп жатыр.

Виктория Сезинцова, марқұмның қызы:

-Марқұм әкем демалыс күні таңғы сағат 11-лер шамасында туысымызбен бірге балық аулап, демалып қайтамыз деп кетіп еді. Олар ауа-райының қолайсыздығына қарамастан көлге резеңке қайықпен шыққан. Содан жоқ. Біз бірден полицияға, құтқарушыларға хабарласа бастадық. Олар тек бір тәуліктен кейін келді. Іздеу шараларына тікұшақ та сұрадық. Алайда оның құны 2 млн теңге деді.

Ал оларға дауылдың болатындығы жайлы жергілікті балықшылар мен төтеншеліктер талай ескертіпті. Бірақ, оны елемегендер жел күшіне мінгенде жағадан 40 шақырымға ұзап кеткен.

Ирина Звягинцева, Олег Василенконың әпкесі:

-Олар көлге екі адамға арналған қайықпен шыққан. Жергілікті балықшылар оның судың ортасында бір күн бойы тұрып қалғанын байқап, құтқарушыларға хабарласқан. Сөйтіп, қайықтың ішінен Хәкімжанның мәйіті табылды. Денесі үсіп қалыпты. Ал қасында отырған менің бауырым із-түссіз жоқ.

Осылай бірінің мәйіті арада төрт күн өткен соң табылса,  екінші балықшыны іздестіру шаралары жүріп жатыр. Олардың жақындары құтқарушылар дәл уақытында іздеуге кіріскенде, бұлай болмас еді деп шамданады.

Азамат Жұртбаев, Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі:

-СМС хабарламала таратылды.  Ол хабарламада Алматы аумағында қарашаның 24-і күні қатты дауыл болып, желдің күші 30 метрге дейін болады деген. Сол хабарламаға қарамастан екі азамат Қапшағай су қоймасына үрлемелі қайықпен шығып кеткен.

Ал туысының не өлі не тірі екенін біле алмағандар құтқарушылардан қайыр болмаса, тәуіптердің жүгінуден басқа амалымыз  жоқ деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде