{metadescription}
Елімізде қазақ тілді үздік сайттар анықталды
Елімізде қазақ тілді үздік сайттар анықталды

Елімізде қазақ тілді үздік сайттар анықталды

Тұңғыш президент қоры ұйымдастырған байқауда түрлі аталым бойынша сегіз интернет портал жеңімпаз атанды.

Олар қазақ тілі мен әдебиеті, еліміздің мәдениеті мен тарихы туралы тек мемлекеттік тілде материал жариялайтын сайттар. Осымен үшінші жыл қатарынан өткізілген жарысқа биыл 30-дан астам портал қатысыпты. Сөйтіп, қазылар алқасы «өткір тіл», «рухани азық», «шынайы өмір», «спорт тынысы», «білім бұлағы» секілді аталымдар бойынша сегіз сайтты үздік деп тапты. Жеңімпаздарға грамота және 385 мың теңге сыйақы табысталды.

Азат Шауеев, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры:

-Жалпы осы үш жылда біздің байқауға қатысқан сайттардың саны 100-ден асады. Қазақ тілін дамыту үшін қазақстандағы қазақ тілді интернет сайттардың үлесін көбейту керек. Сол үшін өткізіп жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде