«Астарлы ақиқат»: Ана мен баланы айырған қайын жұрт неге тас жүрек?
Балаларын өз қолына ала алмай жүрген жесір әйел. Шизофрения дертіне шалдыққан келіншекті өз бүлдіршіндерінен айыру дұрыс па? Осы жексенбі «Астарлы ақиқат» жалғыз басты ананың жанайқайын тыңдап, шешімін табуға тырысады.
Автор: Асқарбек Қазанғап
30.11.2018
Батыр ана болғанмен, балаларына қолы жетпей жүрген Фәтима бақытсыз ана. Былтыр арқа сүйері жары бақилыққа аттанғасын, тағдыры тауқіметті үйіп тастады. Ауыртпалықтан жүйкесі жұқарған шақта қайын жұрты үш баласын қинап тартып алған көрінеді.
- Бұл үйге кірмейсің. Сен сыртқа шық.
Ана мен баланы айырған қайын жұрт тас жүрек пе? Әлде шизофрения дертіне шалдыққан Фәтимаға бүлдіршіндерді тапсыру шынында қауіпті ме?
- Неге анасы да баласының жанында болмасқа? Неге осындай ортақ шешімге келмеске?
Жесір ананың жанайқайына қайын жұрты құлақ түре ме? Шырғалаң оқиғаның тоқ етері не болады? Бұл сұрақтардың жауабын осы жексенбі 19-00 «Астарлы ақиқат» бағдарламасынан табасыздар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!