{metadescription}
Ақтөбелік кәсіпкер сот төрағасынан қысым көргенін айтты
Ақтөбелік кәсіпкер сот төрағасынан қысым көргенін айтты

Ақтөбелік кәсіпкер сот төрағасынан қысым көргенін айтты

Ақтөбелік кәсіпкер аймақтағы әкімшілік сот төрағасынан балағат естідім деп мәлімдеді. Әсемгүл Балқыбаеваның айтуынша, оны судья қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысымен бірлесіп қысымға алған көрінеді. Санитар мамандар бірнеше рет тексеру жүргізіп, ісін сотқа береді. Кейін төраға мен шенеунік мәселені оңтайлы шешу үшін кездесуге шақырып, маза бермеді дейді кәсіпкер.

Ақтөбелік Әсемгүл Балқыбаева дардай сот төрағасынан балағат естимін деп мүлдем ойламағанын айтады. Осыдан бір ай бұрын оның жекменшік балабақшасына қатысты әкімшілік іс сотқа жетеді. Сол күннен бастап судья Амангелді Қалмұханбетов маза бермей, кездесуге шақырып қоймады дейді кәсіпкер.

- Шешетін жол іздеудің орнына. Сен қырсығып отырсың. Кездесейікші не болды сонша?

Кәсіпкер судьямен қоса қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшынан да қысым көріп отырғанын айтады. Өйткені, Аманжол Өтеғалиев айналдырған бір айдың ішінде балабақшасына алты рет тексеру жіберіп, үш рет оның үстінен шағым түсірген. Әсемгүлдің айтуынша, бұдан соң осы мәселені оңтайлы шешуге көмек беремін деп соңынан қалмаған көрінеді. Ақыры судья мен шенеуніктің дегеніне көнбеген соң басым бәлеге қалды дейді бизнесмен.

Әсемгүл Балқыбаева, кәсіпкер:

-Танымайтын адамға хабарласып мені боқтайтындай кім ол? Мені шақырып алып үстімнен хаттама толтырып отырып, осы шаруаны қалай шешуге болатынын айтуын қалай түсінуге болады?  Шындық қайда? Заң қайда?

Кәсіпкер келіншектің шағымы бойынша қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына барған едік. Басшының кабинетін төрт сағат күзетіп, ақыры Аманжол Өтеғалиевті орынбасарының бөлмесінен таптық. Бірақ шенеунік жөнді жауап бермей, қашып кетті.

-Мен қандай қысым көрсете аламын? Өзің айтшы.

-Шаруаны шешу туралы ұсыныс айтыпсыз ғой?

-Жоқ

-Сіз неге қашқақтап жүрсіз?

Ал бизнесменді балағаттаған сот төрағасына қатысты қазір тексеру жүргізіліп жатыр.

Анар Айтжанова, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы:

-Азаматша Балқыбаевадан Ақтөбе қалалық мамандандырылған әкімшілік соттың төрағасы Қалмұханбетовтің іс-әрекетіне шағым келіп түсті. Қазіргі таңда қызметтік тексеріс жүргізілуде. Судья Қалмұханбетов кезекті еңбек демалысында.

-Әкімшілік сот төрағасы мен қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысына қатысты қызметтік тексерудің қорытындысы қашан шығатыны белгісіз. Әйтсе де, кәсіпкер келіншектің жекеменшік балабақшасында санитарлық талаптардың орындалмауына қатысты сот шешімімен айыппұлдар салынған. Бірақ бизнесмен апелляциялық шағым түсіремін деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде