Петропавлда жаңа жылдық безендіруге бюджеттен ақша бөлінбейтін болды
Солтүстік Қазақстанда жаңа жыл мейрамына бір тиын да бөлінбейді. Яғни, ақшаны ысырап қылмай, былтырдан қалған шыршаны орнатып, ескі шамдармен қала көшелерін безендірмек.
Автор: Бек Әбиев
30.11.2018
Петропавл билігінің жаңажылдық кештерге миллиондарды шашпаймыз деп түбегейлі шешім қабылдағанына осымен екінші жыл. Ең кедей өңірлердің бірі саналатын Солтүстік Қазақстанның бюджетінің өзі де бар-жоғы 9 миллиард теңге екен. Сондықтан шенеуніктер ақшаны осылай үнемдемек. Оның үстіне алдыңғы жылдардан қалған ойыншықтар мен шыршалар жеткілікті екен. Әкімдік «барға қанағат» деп, жетпеген нәрсені қолдан жасап аламыз дейді.
Евгений Глотов, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:
-Жаңа жылды тойлатуға ақша қарастырылмаған. Қазір біз қолдан келгенше қаланы безендіруге көмектесіңдер деп колледждерге өтініш білдіріп жатырмыз. Осылайша, мерекені барымен базар қылып, өз күшімізбен өткізбекшіміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!