Теміртауда отырып көкшетаулықтарды алдап соққан
Өзін полиция капитанымын деп таныстырған азамат жұрттан телефон арқылы ақша бопсалапты.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
30.11.2018
Телефонмен полиция капитаны Егоровпын деген бұл адам оларды балалары есірткімен немесе қару жарақ сақтағаны үшін қолға түсті деп қорқытқан. Егер жылдам ақша жіберсе, мәселе оңай шешілетінін айтып уәде беріпті. Осындай арбауға 20-дан аса адам түскен екен. Аңқау тұрғындар балалары үшін терминалмен ақша жіберуге мәжбүр болған. Олардың әрқайсысы полиция атын жамылған азаматқа 70 мыңнан 100 мың теңгеге дейін ақша жіберген. Алданғандарын білген соң полицияға шағым түсіріпті. Осы іске қатысы бар 46 жастағы азамат Теміртауда ұсталды. Ол бұған дейін де алаяқтық жасап, бірнеше рет сотталған болып шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!