{metadescription}
Боран, көктайғақ, апат: Жолдарда қозғалыс қиындап жүру мүмкін болмай қалды
Боран, көктайғақ, апат: Жолдарда қозғалыс қиындап жүру мүмкін болмай қалды

Боран, көктайғақ, апат: Жолдарда қозғалыс қиындап жүру мүмкін болмай қалды

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа-райы күрт нашарлап, тұрғындарды әбігерге салды. Кей өңірлерде жаңбырдан кейін жер көктайғаққа айналып, жол апаты жиілеп, жарақат алғандар да көбейген. Шығыста мектептерде сабақ тоқтатылса, арқада оқушы толы автобус жолдан қалған.

Бұл – Атырау облысындағы жағдай. Жаңбырдан соң аяз тұрып, жолдар мұз айдынына айналды. Көктайғақтың кесірінен республикалық маңызы бар тас жолдардағы жол апаттары да жиілеген. Мысалы, Атырау-Орал тас жолында Мерседес жүк көлігі тайып, фура аударылып қалған. Абырой болғанда  жүргізуші аман.

Ахмет Наджар, көлік жүргізушісі:

- Көлігімнің дөңгелегі тайып, аударылып қалды. Қазір атыраулық полицейлер көмектесіп, тұрғызып жатыр, бізде жолға тұз-топырақ себіледі, сіздерде ол жағы қарастырылмаған екен.

Семейде де дәл осы жағдай. Мұнда да толассыз жауған жаңбырдың арты боранға ұласты. Соның салдарынан, травмотология бөлімі аяқ-қолын сындырғандарға лық толған. Ауруханаға, бір күннің ішінде 70-ке жуық адам жеткізіліпті. Сондай-ақ, 1-9 сынып оқушылары сабақтан босатылған. Оқу бағдарламасынан қалмау үшін, ұстаздар оларды онлайн оқытуға мәжбүр.

Біржан Бұлабаев, Семей қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі:

Сабақ тоқтатылса да мектептерде жұмыс жүргізіліп жатыр. Ұстаздар оқушыларға интернет арқылы тапсырма беріп, олармен байланысқа түсіп отыр. Сондықтан бүгінгі күні білім беру ұйымдарының барлық ұйымдастыру жұмыстары білім бөлімінің бақылауында.

Ал, Керекуде тайғақ салдарынан 200-ге жуық адам зақым-жарақат алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Ақ халаттылар болса, оған жұрттың табаны таймаймтын қыстық аяқ киімсіз жүруі себеп дейді.

Александр Голощапов, Павлодар облыстық ауруханасының дәрігері:

Науқастардың көбі күздік, кейбірі тіпті жаздық аяқ киіммен жүрген. Ол аяқкиімдердің табаны бұл ауа-райын сай емес қой. Ақыры тайып құлап, қол-аяғын сындырып алуда. Сондықтан тұрғындарға маусымдық, яғни қысқы аяқкиім киюге кеңес береміз.

Қарағанды облысында боранға байланысты қалааралық қозғалысқа шектеу қойылғанымен, жолға шығып кеткендерді төтеншеліктер құтқаруда. Тұралаған 60-қа жуық көлік пен автобус жолаушылары жылы жерге жеткізілді. Олардың арасында 27 бала бар. Ал толассыз жауған қарды коммуналдық мекемедегілер түні бойы тазалаумен алысып жүр. Синоптиктер алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде қар жауып, күн суытатын хабарлады. Сондықтан көлікпен алыс сапарға шықпауды төтенше жағдайлар қызметі тағы ескертіп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде