{metadescription}
Бастары кесіліп, денелері қақ бөлінген балықтарға қырғидай тиген кім?
Бастары кесіліп, денелері қақ бөлінген балықтарға қырғидай тиген кім?

Бастары кесіліп, денелері қақ бөлінген балықтарға қырғидай тиген кім?

Атырауда мамандар тоннадан астам балықтың не себепті қырылып қалғандығын анықтап жатыр. Бастары кесіліп, денелері екіге бөлініп қалған балықтардың бір бөлігі зерттеу орталықтарына жіберілсе, қалғаны сараптама қорытындысы шыққанша арнайы жерде сақтала тұрмақ.

Мамандар есебінше, шығын 1 млн теңгеден асқан. Қырылып, жағада шашылып жатқан табан мен айнамкөз, қылышбалық пен мөңкелерді тұрғындар байқап, әлеуметтік желіге салған еді. Оқиға «Атырау Жылу Электр Орталығының» су сору стансалары орналасқан өзекте болыпты. Балықтың ол жерге қалай келгені белгісіз. Бірақ, орталықтың техникалық қажеттіліктер үшін Жайық өзенінен күндіз-түні су алатынын және ол судың осы өзекке құйылатынын ескерсек, балықтардың өзеннен тікелей келуі әбден мүмкін. Бірақ, бұл әзірге жорамал ғана.

Ақмарал Кәукенова, Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:

-Балықтардың көлемі 7-15 см аралығында болды. Олардың механикалық жолмен жарақаттандығы, яғни, денелерінің туралғандығын көрдік. Экология департаментінің мамандарын шақыртып, су сынамаларын алдық. Зертхана мамандарының айтуынша, 5-8 жұмыс күні ішінде белгілі болады су сынамасы да, сараптама нәтижесі де дайын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде