Ауыр дертке шалдыққан 4 айлық сәбиге шұғыл көмек қажет
Ақтауда дүниеге келген шақалақтың күннен күнге іші үлкейіп барады. Бауыры дұрыс жұмыс істемейтін балаға ақтаулық дәрігерлер көмек бере алмай, Алматыға жіберіпті. Алайда, ата-анасының айтуынша, мұндағы ұлттық медициналық орталықтардың өздері емін таба алмай, ақыры отбасыға шетелде ақылы емделуге кеңес берген.
04.12.2018
Бұл сәбидің жарық дүние есігін ашқалы көрмеген азабы жоқ. Туа сала өті істен шығып, небәрі 1 айында ота жасалды. Алайда, аурудың беті онымен қайтпаған. Өті кесілген соң, артынша бауыры да істен шығыпты.
Жұлдыз Машенова, анасы:
-Ешқандай аурухана қабылдаған жоқ. Шетелге алып кете берейін бе десем, өз проблемаңыз деді.
Ал титтей шақалақтың болса, күннен күнге іші ісініп барадын. Терісі сарғайып, салмақ қоса алмай жатыр. Бала ұйықтауды да қойған екен. Өйткені, дерттің кесірінен денесі тоқтаусыз қышиды екен. Ақтаудан Алматыға ем іздеп келген отбасы «мен» деген ұлттық ғылыми орталықтарға да барған. Алайда, ондағылар сырқат баланы салмақ қоссын деп жөніне қоя беріпті.
Жұлдыз Машенова, анасы:
-Ақтаудан Сызғановқа жіберді бауырын ауыстырамыз деп. Үміт арқалап келдік. Бірақ операция жасай алмаймыз, салмағы жетпейді деп отыр. Бірақ бұл салмақ қоса алмай жатыр. Күннен күнге арықтап бара жатыр. Өткен айда 5-те 500 грамм болған, 2-3 күн бұрын 5 килограмм боп қалған.
Дегенмен, отбасы ота жасауға дайын дәрігерді іздеп тапты. Бірақ, ол Үндістанда. Әрі қызметі үшін 25 мың доллар сұрапты. Алайда, жас отбасында ондай ақша жоқ.
Бақыт Сатқанбаев, әкесі:
-Машинам болды жүріп тұрған. Сатып жібердім бірінші операцияға келетін кезінде. Енді қатты қымбат машина емес.
Баласын емдету үшін бар мүлкін сатып жіберген Сатқанбаевтарға донор да табылып тұр. Әкесі ұлына бауырын кесіп бермек. Ал әзірге жас отбасы Алматыдағы жатақханалардың бірінде бөлме жалдап тұрып жатыр.
Көмек көрсетіңіз:
KIWI: 87784111643
KASPI GOLD: 5169 4931 5260 8900 / ИНН:861111302902 Satkanbaev Bakhyt
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!