Қарағанды облысында дүкендер жаппай тоналып жатыр
Ұрылар түнгі мезгілде сауда орындарының темір торларын жұлып, терезелерін сындырып кіреді екен. Одан бұрын дүкенді жарықтан ажыратады. Осындай тәсілмен соңғы 10 күн ішінде Топар елді мекенінде 5 дүкен тоналса, оның біріне ұрылар екінші рет бас сұққан. Ал көршілес Ақтау ауылында 10 шақты дүкен тоналыпты. Зардап шеккендер мұның барлығын ұйымдасқан бір қылмыстық топ жасап жүр дейді. Ал полция іздеп жатырмыздан аса алмай отыр.
04.12.2018
Светлана Картаполованың дүкеніне екі аптаның ішінде екі рет ұры түсіп отыр. Екуінде де алдымен ғимаратқа келетін электр сымдарын қиған. Дабыл мен бейне бақылау өшкесін, темір торды жұлып, терезені сындырып ішке енген.
Светлана Картаполова дүкенші:
-Терезенеің торларын қабырғаға қағылған ұзын қадалар ұстап тұрған. Соны түбімен жұлып отыр ғой. Көлікпен тарта ма әлде арнайы құрылғылары бар ма білмеймін. Тауармен қоса, бақылау камерасы жазылған компьютердің жадысын да жұлып әкетіпті. Ұрлықтың алдында дүкенге барлау жұргізгенде түрлері жазылып қалған болар.
Ұрылар темекі, кәмпит және жеке гигеиена заттарын қолды қылған. Келген 1 жарым миллион теңге шығынды санап есі шығып жүргенде, дүкеннің терезесі екінші рет талқандалды. Түнгі сағат 2 жарымдар шамасында оларды куәгер байқап қап, ұрылар ісін аяқтамастан қарасын батырыпты.
-Мына дүкен тоналғаннан кейін полиция мұнда тайлы тұяғы қалмай жеткен. Бірнеше көліктермен келіп, жарықшамдарын қосып, мына жерді тегіс араладық деп отыр. Бірақ ең қызығы, дәл сол уақытта ұрылар осы жерден 100 м жердегі екінші дүкеннің терезесін шағып, ішіне түсіп жатыпты.
Баукеспелер ел түгілі полицейлерді мазақ қылғандай. Таяқ тастам жерде топырлап жүргенін көрсе де, мына терезенін торын жұлып, шынысын қиратқан.
Светлана Никонова дүкенші:
-Ұрылар полицияның қасында тұрып ақ мына терезедегі үлкен темір торды кескен. Жұлып алып ана жерге лақтырған. Түнгі сағат үште бұзып жатқанын сол маңда болған полиция қалай естімеген? Содан кейін қандай сенім болады бұларға. Тоналғанымызды таңертең көріп, шақырғанның өзінде 45 минут дегенде ырғалып-жырғалып әрең жетті.
Дүкен ішінде ойнақ салған ұрылар сол баяғы темекі, азық түлік және ерлердің ішкиімін қолды қылған. Бұл аздай көрші дүкеннің де терезесіндегі торды кесіп, ішіне еніпті. Одан да алғандары сол.
Анна Кузьмина сауда агенті:
-Бұл ұрлықтар Ақтаста басталған. Онда қазан айынан бері 10 шақты дүкен тоналғанын өзім көрдім. Топарда 5 дүкенге түсті. Алатындары темекі мен азық түлік, сабын – иіссу және қырынатын құралдар. Түрмеден босап шыққандардың тобы ма деген күдік те бар. Ал полицияда нәтиже жоқ.
Полицияның расымен де ауыз толтырып айтар түгі жоқ екен. Тек, ел асырып айтқан, Ақтаста 8 Топарда үш-ақ дүкен тоналды дейді. Ұрыларды табу үшін табандарынан тозып жүргендерін де жеткізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!