Жеңіс Қасымбек есептеуіш құрылғы мәселесін тағы көтерді
Жеңіс Қасымбек коммуналдық төлемді қалай үнемдеу керек екенін айтты. Инвестиция және даму министрінің айтуынша, көпқабатты үйлерге есептеуіштер орнату қажет.
04.12.2018
Әзірге мұндай есептеуіштер тұрғын үйлердің жартысына жуығында ғана бар. Оларды толық қамтамасыз ету үшін тағы 62 мыңнан астам құрылғы қажет екен. Министрдің айтуынша, мұндай есептеуіштер коммуналдық шығындарды азайтып, ашықтықты қамтамасыз етеді. Өйткені, қазір жылу компаниялары есептеуіш болмаса, тарифті шаршы метрге қарай белгілейді екен. Ол құрылғысы бар үйлерге қарағанда әлдеқайда қымбат шығады. Сондықтан есептеуіш арқылы жылына 32 миллиард теңгеге жуық қыруар қаржыны үнемдеуге болады дейді министр.
Жеңіс Қасымбек, Инвестиция және даму министрі:
-Түбіртекте көрініп тұрғандай 2017 жылдың қазан айында жылыту құны 3547 теңгені құрады. Жылуды есептеу құрылғысын орнатқаннан кейін 2018 жылдың қазан айында жылыту құны 466 теңгені құрады. Яғни, үнем 3081 теңге.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!