{metadescription}
Қаратауда су жаңа үйдің иелері баспаналарына кіре алмай жүр
Қаратауда су жаңа үйдің иелері баспаналарына кіре алмай жүр

Қаратауда су жаңа үйдің иелері баспаналарына кіре алмай жүр

Жылуы жоқ сұлудай! Қаратау қаласында су жаңа үйдің иелері екі айдан бері баспаналарына кіре алмай жүр. Себебі, пайдалануға берілген көп қабатты нысанның инфрақұрылымы әлі күнге іске қосылмаған. Сондықтан пәтер алғандар жарығы мен суы, көгілдір отыны мен жылуы жоқ үйдің әзірге тек сыртынан сүйсініп қана қарауға мәжбүр.

Мына көп қабатты үй Қаратаудағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға екі ай бұрын пайдалануға берілген. Алайда күні бүгінге дейін тұрғындар баспаналарына кіре алмай жүр. Себебі, мұнда инфрақұрылым атымен жоқ. Тіпті кейбір пәтерлер әлден-ақ бүлініп жатыр. Мәселен жалғыз басты ана Нәсипа Есқожаеваның баспанасы судың астында қалған. Жоғарыдағы жылу құбырының жарылуынан бөлмелерге су шелектеп ағыпты.

«Қолжетімді баспана» бағдарламасымен арендалық үй алғандардың саны – 114. Бірақ баспаналары бола тұра олар әлі күнге пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Наразы топтың айтуынша, шенеуніктер екі апта бұрын жағдайды реттеуге уәде берген. Бірақ айтылған сөз айтылған жерде қалғандай.

Алтынай Меңдібекова, Қаратау қаласының тұрғыны:

- Қолымызға келісім-шартты бермей жатыр. Оны әкімдікте дейді, ол жаққа барсақ бір-біріне сілтейді. Көшіп келіңдер дейді, біз қалай келеміз?  Не жарық, не су, не жылу жоқ.

Ал жергілікті билік бар кінәні құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысына артып отыр. Яғни мердігермен ауыз жаласқан шенеунік құрылысы бітпеген ғимаратты қабылдап алған. Оның былығы кейін әшкерленіп, 7 жылға сотталыпты. Осы жағдай инфрақұрылымның кешеуілдеуіне себеп болды дейді әкім орынбасары.  

Серік Дадабаев, Талас ауданы әкімінің орынбасары:

-Құрылыс бөлімінің басшысы істі болды. Сосын екеуінің арасында түсініспеушілік пайда болды. Ол қол қойып қойған, мердігер жұмысты соңына дейін аяқтамаған. Мердігер аяғына дейін жұмысты бітірмей, соның артынан үш төрт ай жүріп қалдық.

Кейін басқа мердігер анықталып, инфрақұрылым тартуға кіріскен. Енді бірер күнде жұмыс жүз пайыз аяқталып, ел-жұрттың көшіп келулеріне болады дейді шенеунік. Ал оған дейін тұрғындардарға пәтер жағалаудан басқа амал қалмай тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде