{metadescription}
Сыртқы Істер министрлігі АҚШ-тың сынына жауап берді
Сыртқы Істер министрлігі АҚШ-тың сынына жауап берді

Сыртқы Істер министрлігі АҚШ-тың сынына жауап берді

Америка айтқан сын орынсыз! Еліміздің Сыртқы істер министрлігі АҚШ тарапының Астанадағы Сирия келіссөздеріне қатысты қатқыл мәлімдемесіне жауап қатты.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

-Біздің ойымызша, Астана процесі өз міндетін  толығымен ақтайды. Біріншіден, Астана платформасы  Сириядағы деэскалация аумақтарындағы  жағдайды тұрақтандыруда өзінің тиімділігін көрсетті. Қазір Идлибтегі жағдайды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті  «Сириядағы  сойқанды тоқтатуға арналған  Астана мен Сочи процессі  нәтижесіз»  деп  сынап тастаған еді.

Тіпті, АҚШ тарапы өткен аптада Елордада өткен он бірінші раундқа мүлдем қатыспаған. Ал Елордадағы соңғы отырыста Сирия үкіметінің өкілдері, қарулы оппозиция, кепіл беруші мемлекеттер конституциялық комитет құру мәселесін талқылады. Бірақ соңында  бір-бірін айыптап тағы тоқтамға келе алған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.