«Хеллоуиннің қатысы жоқ»: Атақты каскадердің өліміне қатысты іс жабылып тынды
Ажалы жүректен. Алматыда Хеллоуинде өнер көрсетіп, артынан көз жұмған каскадерге қатысты тергеуді полиция тоқтатты. Сот-медициналық сараптама Қасым Жұмағожин инфаркттан өлді деген тоқтамға келді.
04.12.2018
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі:
- Өлімнің себебі ретінде жүрегінің тоқтауы аталып отыр. Сондықтан Медеу аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері бұл іс бойынша өндірісті тоқтатты.
Естеріңізге салайық, танымал каскадер үшінші қараша күні түнгі клубтардың бірінде мумия келбетінде асылып тұрған. Жерге түскеннен кейін денсаулығы күрт нашарлап, көп өтпей мерт болды. Номад Стантс каскадерлер тобы оның өліміне орындаған трюктің еш қатысы жоғын бірден мәлімдеген еді. Бұл сөздерін сот-медициналық сараптамасы дәлелдеп берді. Қасым Жұмағожин отандық және голливудтық фильмдердің жарқын жұлдызы еді. Еңбек жолы 2005 жылы «Көшпенділер» туындысынан басталды. Артында жары мен кішкентай ұлы қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!