Ақтөбедегі мектептердің бірінде оқушыларға кабинеттен шығуға тыйым салынды
Ақтөбеде 11-ші сынып оқушысынан менингит анықталды. Қазір ол оқитын мектептің мұғалімдері мен сыныптастары жаппай тексеруден өтуде.
04.12.2018
Ақтөбедегі №20 мектеп-лицейдің жоғары сынып оқушыларына үзіліс кезінде де кабинеттен шығуға рұқсат жоқ. Мамандар барлық сабақтардың бір жерде өткізуге рұқсат берген. 11-сыныпта оқитын бала екі күн бұрын демалыс кезінде қызуы көтеріліп, есінен танған. Қазір облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Беті бірер күнде бері қарайды дейді дәрігерлер.
Бағдат Орынбаева, №20 мектеп-лицей директоры:
-Ол класта карантин жарияланды. Яғни балалар ол кабинеттен шықпайды. Мұғалімдер мен оқушылар тексеруге жіберілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!