{metadescription}
Алматыда бір күнде екі базар өртенді
Алматыда бір күнде екі базар өртенді

Алматыда бір күнде екі базар өртенді

Алматы мен оның төңірегінде бір күнде екі бірдей базар отқа оранды. Оның біреуі Жетісу ауданында орналасқан «Самал» базарында тұтанса, екіншісі қала сыртындағы құрылыс материалдарын сататын сауда орны. Екі кешендегі оттың неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Қазір кәсіпкерлер мен базар басшылығы келген материалдық шығынды есептеу үстінде.

Жетісу ауданында орналасқан «Самал» базары өртенді деген хабар өрт сөндірушілерге түскі сағат 1-лер шамасында келіп түскен. Содан жалынды сөндіруге 63 адам мен 17 арнайы техника жұмылдырылыпты. Лезде күш алған жалынды өшіру оларға оңайға соқпады. Тілсіз жау лезде 150 шаршы метр аумаққа таралып үлгерді. Кәсіпкерлердің дүние-мүліктері көз алдыларында күлге айналған.

Айжан Келісбаева:

-Мына үстелдерді ғана шығардық, қалғанын бәрі қалды. Себебі кіргізбей қойды.

Осылайша, базарға жапсарлас салынған 9 дүңгіршектің жетеуінің түгі қалмай жанып кетті. Онда азық-түлік сататын орындардан бөлек, асхана, ломбард, ақша айырбастау пункттері орналасыпты. Барынан айрылған жалға алушылар шығынды кімнен өндірері әзірге белгісіз. Сондай-ақ, бүгін таңғы 5-тер шамасында қала сыртында тағы бір базар өртенді.

-Таң сәріде өртенген құрылыс базарының қазіргі кейіпі осындай. Қызыл жалыннан оның шатыры майысып, ішіндегі 43 контейнер жанып кеткен. Құрылыс материалдары сақталған базардың жалпы аумағы 1400 шаршы метр.

Бұл нысандағы өртті 26 қызметкер мен 7 арнайы техника жұмылып бір сағаттан астам ауыздықтады. Қызыл жалынның неден тұтанғаны әзірге белгісіз.

Азамат Жұртбаев, Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Өрт бойынша ақпарат Алматы облысы ТЖД-не 04 сағат 43 минутта келіп түсті.  Қазіргі таңда аталған  өрт бойынша материалдар Іле ауданы Ішкі Істер бөліміне жіберілді.  Материалдық шығыны мен өрттің себептері анықталуда.

Бір күнде екі базардағы ондаған кәсіпкер тақырға отырып, жұмыссыз қалды. Төтенше қызметкерлері оларға тергеу қорытындысын күтуді сұрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

12 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде