Астанада ең үздік ақын - жазушылар анықталды
Астанада еліміздің үздік ақын - жазушылары анықталды. Тұңғыш президент қоры ұйымдастырған «Алтын тобылғы» байқауын бұл жолы 5 қаламгер жеңіп алды.
05.12.2018
Олардың әрқайсысы «Жылдың үздік прозасы», «Үздік поэзиясы», «Балаларға арналған шығарма» және «Үздік драматургия» мен «Астананың 20 жылдығы» аталымдары бойынша озық шыққан. Осымен төртінші жыл қатарынан өткізілген байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден астам шығарма келіп түскен. Қазылар алқасы оларды мазмұны мен жазылуына қарай сараптап, жеңімпаздарды 1 миллион теңге сыйақымен марапаттады.
Шерхан Талап, байқау жеңімпазы:
-Ақынға, жазушыға байқау, мүшәйра, конкурстар ешқандай өлшем емес. Әйтсе де, бұл бізге жауапкершілік жүктейді. Қосымша күш береді. Әлі де алда еңбектенуге мүмкіндіктер береді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!