Қарақшы қарияға тап берді
Көкшетауда зейнетақысын алып шыққан әжейге 36 жастағы жігіт пышақ тақап, ақшасын тартып алған. Тапа тал түсте жасалған қылмыс бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
05.12.2018
Отағасы дүкенге кетіп, кемпірі көлікке мінген сол екен. Пышағын жалаңдатқан жігіт есікті ашып бас салған. Зейнеткер енді ғана банкоматтан алған ақшасын әмиянына салып та үлгермепті. Күштеп жұлып алған озбырдың соңынан 71 жастағы кейуана айғайлап жүгіргенімен, жете алмаған. Көмекке де ешкім келмепті. Әйтсе де, ұры алысқа ұзай алмады. Тәртіп сақшылары кешікпей сол маңнан 36 жастағы жігітті ұстады. Зейнеткерді қорқытып,тартып алған 54 мың теңге мен пышақ күдіктінің қалтасынан шыққан. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған екен.
Валентина Стублевская, Көкшетау қаласының тұрғыны:
-Аяғым ауыратындықтан жүгіре алмадым. Оның қолында пышағы болды. Сол жердегі балалар үшін қорықтым. Не деген сұмдық! Зейнетақы алатын жерді торуылдап жүрген екен ғой. Қандай қорқынышты!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!