{metadescription}
Семейде базар отқа оранды
Семейде базар отқа оранды

Семейде базар отқа оранды

«Жаңа Семей» сауда кешеніне қарасты жеті дүңгіршек лезде  жанып кетті. Қапелімде тұтанған өрттен саудагерлер тауарларын сыртқа шығарып үлгірмеген. 

Күлге айналған тауарлардың басым бөлігі ойыншықтар мен киім-кешек. Сондай-ақ, шаруашылық тауарлары да бар. Жалпы, тілсіз жау әп-сәтте 60 шаршы метр аумақты жалмаған. Абырой болғанда, адамдар дін аман. Қазіргі уақытта мамандар өрттің неден шыққанын анықтап жатыр. Дегенмен, сатушылар от электр желісіндегі қысқа тұйықталудан топшылайды. Олардың айтуынша, базарда ешқандай қауіпсіздік шарасы қарастырылмаған екен. Сондықтан жұрт дүңгіршектерін жылыту үшін тоқ пештерді қолданып келген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде