{metadescription}
Шенеуніктер атына 223 көлік заңсыз тіркелген тұрғыннан кешірім сұрады
Шенеуніктер атына 223 көлік заңсыз тіркелген тұрғыннан кешірім сұрады

Шенеуніктер атына 223 көлік заңсыз тіркелген тұрғыннан кешірім сұрады

Астана тұрғынының атына 223 көлік заңсыз тіркелген. Тіпті жауаптылар меншігінде жоқ мүлікке айыппұл төлеуге мәжбүрлепті. Бұдан өзге мың адам  өзгенің өтелмеген салығы үшін жауапқа тартылған. Басқа  біреулердің атындағы дүниенің кесірінен  айыппұл арқалағандар, әсіресе, Алматы мен  Астанада  көп екен. Сондықтан депутаттар  Қаржы министрінен  бұл бассыздықты дереу шешуді талап етті.

Астаналық  салықшылар   Әсел Сәменованы бір күнде  бір автобекеттің қожайыны қылып қойған. Шағын компанияда менеджер болып істейтін келіншектің  атына 223 көлікті тіркеп, темір тұлпардың  әрқайсына мүлік салығын талап етіпті. Сөйтіп, сот орындаушылар әй-шайға қарамай «мемлекетке 5 миллион теңге берешегің бар» деп, Сәменованың шоттарын шетінен жауып тастайды. Салдарынан жалғызбасты ана екі ай жалақысыз отырған және несиесі төленбей қалған.

Әсел Сәменова, Астана қаласының тұрғыны:

-Атымда лексус, прада сынды джиптер мен Камаз тіркелген. Тізімді көргенде таң қалдым. Менде автомашина болған емес. Ал екі жүзден астам темір тұлпардың өз иелері бар болып шықты. Әкімшілік полиция да  менің атымда көлік жоқ деген анықтама беріп тұр. Кімнің кінәлі екенін сол күйде таппадым.

Әсел өзінің жүздеген  автомашинаның   иесі емес екенін дәлелдеу үшін сот орындаушылармен әбден алысқан. Миллиондаған айыппұлдан құтылғанымен,  223 көлік әлі оның атында жазулы тұр. Кез-келген уақытта тағы алдымнан  шығуы мүмкін деп алаңдап жүр. Ал салықшылар еш саспайды, саннан қате кетті деп жайбарақат отыр.

Олжас Отар, ҚМ Мемлекеттік кіріс комитеті Қоғаммен байланыс басқармасының  басшысы:

- ЖСН бір саннан қате кетіп қалған. Сол себепті 223 көлік сол кісінің атындаболған.  Көлік атына тіркелген қарындасымыздан кешірім сұраймыз.

Еліміздегі салықшылар соңғы үш айда Сәменова сынды мың адамды қарадай қан қақсатып қойған көрінеді.  Мәжіліс депутаты Шакир Хахазовтың қолында  ұзын-сонар тізім бар.

Шәкір Хахазов, Мәжіліс депутаты:

-Алматылық Бауыржан Сүлейменовтың жағдайын мысалға келтірейін. Жол ережесін бұзды деп, төленбеген айыппұл үшін банктегі шоттарын жауып тастаған.  Ал оның  ешқашан көлігі болмаған. Кейін анықталғандай, негізі, айыппұл Шымкентте  тұртын Бауыржан Сүлейменовпен аттас 11 айлық балаға жазылған екен. 

Бауыржан Сүлейменов болса, рөлге отырмақ түгілі, оның ешқашан  көлігі болмаған екен. Мұндай жағдайға тап болғандар  берешегі  туралы ескерту алмаған,   салық  қызметкерлерінен  бір-ақ білген. Ал сот орындаушылардан  хабарлама алған азамат 30 күнде айыппұлды төлемесе, қарызды  өздері өндіріп алады. 

-Мәжілісменнің айтуынша, адамнан меншігінде жоқ мүлікке салық, кейін айыппұл талап ету  салықшылардың ескі әдеті.  Яғни, бұл бүгін пайда болған мәселе емес. Инспекторлар жыл сайын қанша адамды әуреге-сарсаңға  салып келеді екен. Ал Қаржы министрі қателігі үшін  қызметкерлерін жазалаған емес дейді депутат. Сондықтан Әлихан Смаиловтан дәл осы бассыздықты тоқтатуды талап етті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде