Елімізде жұқпалы аурумен ауырғандардың ағзасын донорлыққа пайдалануды ұсынды
Яғни, туберкулез бен сары ауру, тіпті мерез жұқтырғандар қайтыс болған соң, дәрігерлер ішкі органдарын алмақшы. Ол үшін мамандар заңға өзгеріс енгізуге ұсыныстарын жолдаған.
Автор: Жаңалық Ахаш
06.12.2018
Қазір ел бойынша донор тапшы. Былтыр қайтыс болған 24 адамның мүшесі донорлыққа пайдаланылса, биыл не бары тоғыз мәйіттікі трансплантация жасауға жараған. Өйткені, 42 мәйіттің бойынан түрлі ауру табылыпты. Ал біздің елімізде жұқпалы ауруы бар адамдардың органдарын донорлыққа қолдану заңмен шектелген. Бұл тыйымды алып тастаса, донорлар да көбейер еді дейді мамандар. Қазіргі таңда бойында дерті бар донорлардың органдарын тап сондай аурумен ауыратын науқастарға залалсыздандырып қолдану мәселесі үкіметте қаралып жатыр.
Жақсылық Досқалиев, республикалық трансплантация орталығының ординаторы:
-Мына сифилис, туберкулез деген емделетін жағдай. Тіпті мына донор ауырғанымен оның ағзасын алуға болады. Бірақ емделсе бәрі қалпына келеді. Бұл біздің тәжірбие емес дамыған елдердің тәжірбиесі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!