Бекшин сынап дауына қатысты түсініктеме берді
Еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин балаларға арналған сүт қоспасынан табылған сынапқа қатысты мәлімдеме жасады. Оның айтуынша Шымкентте сынаптан уланған 2 айлық шақалақ пен оның анасынан биосынамалар алынып, зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайда баланың әкесі сынаптың қалдығын беруге қарсылық танытып жатыр екен. Жалпы биыл жыл басынан балаларға арналған сүт қоспасының 58 сынамасына зерттеулер жүріп, барлығы зиянды заттан таза екені анықталыпты.
Автор: Бек Әбиев
06.12.2018
Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:
- Шымкентте «Humana» қоспасын сатуды тоқтаттық. Әкесінің ол жеке пікірі ғой. Әрине, біз оны түсінбейміз. Бірақ, ол кісімен қазір сөйлесіп жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!